Музей-қорық директоры “Музей ісі жөніндегі Көркемдік кеңесте” сөз сөйледі

2020 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Музей ісі жөніндегі Көркемдік кеңесінің” отырысы өтті. Кеңесте “Сарайшық” музей-қорығының директоры, т.ғ.д. Ә.Мұқтар музей-қорықтың халықаралық байланыстары және олардың нәтижелері жөнінде баяндама жасады. Музей-қорықта жасалған жұмыстарға министрлік тарапынан жоғары баға берілді. Алдағы уақытта да музей-қорық өз жұмыстарын жетілдіре түсетініне сенім білдірілді.




