Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар “Нұр Отан” партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы мəдениет пен өнерді дамыту мəселелері жөніндегі “Мирас” қоғамдық кеңесінің отырсына қатысты
2020 жылы 20 мамырда “Нұр Отан” партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы мəдениет пен өнерді дамыту мəселелері жөніндегі “Мирас” қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кеңеске “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атынан музей-қорық директоры, т.ғ.д, профессор Ә.Мұқтар қатысты. Кеңес жұмысына Атырау облыстық мəслихатының хатшысы Өмірзақ Зиноллаұлы Зинуллин төрағалық етті. Кеңесте қаралған мәселенің бірі “Қасым хан” фильмі турасында болды. Фильмді Сарайшықта түсірудің маңызы, Сарайшықты болашақта туризм орталығына айналдыруға фильмнің әсері жөнінде ой сараланды. Ерекше айта кетер жайт, Сарайшықта ортағасырлық қаланың декорациясын салу мəселесі көтерілді. Сонымен бірге, Кеңес жұмысында Қасым ханға орнатылар ескерткіштің аса қажеттігі де қозғалды.




