Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар Ақтөбеде өткен “Жошы Ұлысы және оның Орта Азия мемлекеттер тарихындағы рөлі” атты конференцияға қатысты

Бүгін, 2020 жылы 13 мамырда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ұйымдастырған “Жошы Ұлысы және оның Орта Азия мемлекеттер тарихындағы рөлі” атты конференцияға қатысты. Спикерлер Жошы Ұлысы тарихы мәселелерін талқыға салды. Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар “Алтын Орда қалалары: олардың әлемдік дамуындағы орны” мәселелерімен ой бөлісті.