Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорық археологы оқу-тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

2020 жылғы ақпанның 5-7 аралығында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» қызметкері, археолог М.Әбдіғалиев «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің базасында 24 сағаттан тұратын «Археологиялық нумизматикалық материалдарды реставрациялау және консервациялау» тақырыбында оқу-тәжірибелік тағылымдамадан өтті. Оқу-тәжірибелік тағылымдамада археологиялық қазба кезінде табылған монеталарға алғашқы далалық тазалау жұмыстары, метал құрамына сараптама, метал түріне байланысты тазалау, жалпы тазалау кезінде атқарылатын жұмыстар реті, патинаға қатысты жұмыстар, монетаның бұзылуын тоқтатуға бағытталған консервациялау дәрістері үйретілді. Күлтөбе қалашығының қазба жұмыстарымен танысып, археолог, т.ғ.к. Марат Тұяқбаевпен кеңесті. Сонымен қатар іс-сапар барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Тастанбеков Мұрат Мейірбекұлының қабылдауында болып, екі музей-қорық арасындағы меморандумның тиімділігін талқылап, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста болу жөнінде келісілді.