Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

МУЗЕЙ ҚОРЫ РЕТРО-ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

МУЗЕЙ ҚОРЫ РЕТРО-ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін музейіміз үшін айтулы күн! Ардагеріміз Жанұзақ Ғизатов ағамыз өзінің көп жылдар бойы көздің қарашығындай сақтап келген бірегей жеке коллекциясын музей қорына ресми түрде сыйға тартты.

Бұл жәдігерлер – Қазақстанда 1990 жылдарға дейін қолданыста болған фотосурет түсіру және шығару ісінің нағыз тарихи куәгерлері. Олардың ішінде:

• Аңызға айналған ретро-аппараттар: 1980 жылғы «Зенит TTL», «Yoma M-800», «Olympus VR-340» фото-видеоаппараттары мен «Sony» видеокамерасы;

• Фотолаборатория жабдықтары: Фотопленка, «Свердловск-6» экспонометрі, фотобачок, «УПА-510» фотоүлгілегіші, фотоқағаздар мен сурет айқындайтын арнайы химиялық ыдыстар мен құралдар;

• Ностальгиялық тұрмыстық заттар: 1980 жылдардағы электр тогының әмбебап өлшеуіші, жоғары қуатты шамдар, алмазды шыны кескіш (стеклорез), сувенир пистолет-пышақ, балаларға арналған жапондық «Sonia» теледидары және италиялық сиялы «Parker» қаламы.

🎞 Әрбір экспонат – өткен ғасырдың тынысы мен мәдениетінен сыр шертетін, болашақ ұрпақ үшін танымдық маңызы зор қазына. Тарихты ұлықтап, мұражай ісіне өлшеусіз үлес қосқан Жанұзақ ағамызға шынайы алғысымызды білдіреміз!

✨ Жақын арада бұл заттар арнайы көрмеге қойылып, музей қонақтарының назарына ұсынылады. Ретро әлемге бірге саяхаттауға шақырамыз!