Музей ардагеріне құрмет

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еңбек ардагері Ғизатов Жанұзақ ағайды мерекемен құттықтады. Саналы ғұмырын ағартушылыққа, өлке тарихына, Сарайшық музейінің дамуына арнаған Жанұзақ ағайға ұжымдастар игі тілектері мен зор алғысын білдірді.




