Мемлекеттік сатып алудағы өзекті мәселелер мен тәжірибе

⯑2026 жылдың 24 маусымында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес ауылдық округ мекемелерінің мемлекеттік сатып алу саласының мамандары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алудағы өзекті мәселелер мен тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті және тәжірибе алмасып, өзара пікір алмасты.




