Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты үндеуі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты үндеуі әрбір қазақстандықты бейжай қалдырмады. Өйткені коронавирус пандемиясының әлемде өршуі, оның әрбір отбасыға әсері, қоғамда қалыптасқан жағдай барша халқымызды толғандыруда. Президент «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын» деп ашық айтты.
Халқымыз тарихтың талай сынынан тайсалмай өткен. Сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», 1916 жылғы Ұлы көш, 1921-1922, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, өз заманында талай жұқпалы аурулар індетінде бастан өткерді. Осы сындардан халқымыз өз бірлігімен, тірілігімен, бір-бірінің қолдауымен аман шықты. Бүгінде әлемге төнген осы қауіптің ауыздықталатынына еш күмәніміз жоқ. Адам тіршілігі жалғасады. Қиындықты жеңу адам тірлігінің басты талабы. Сондықтан да біз азаматтарды әлеуметтік арақашықтық пен маскалық режимді сақтап, көпшілік іс-шараларды өткізбеуге және мейлінше адамдармен байланысты азайтуға, коронавирус пандемиясына қатысты ортақ талаптарды бұлжытпай орындауға шақырамыз. Бұл арада өткен ғасырдың басында елдегі оба індетіне қарсы күресте аянбай еңбек еткен асыл тұлға Халел Досмұхамедовтің еңбегіне жоғары баға берген Ахмет Байтұрсынов «…дәрімен жүз адамды, ал жарияланған алдын алу шараларымен, кең насихаттаумен – миллионды емдеуге болады», – деп айтқаны белгілі.
Індет әлемді шарпыды. Одан қорғану баршаға ортақ міндет. Олай болса оны ұлттың ауызбіршілігімен, салмақты пайыммен, сабырлылықпен ғана жеңеміз.

«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұжымы