“Кушаев оқулары – 2021” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2021 жылдың 27 қаңтарында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен “Кушаев оқулары – 2021” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына “Сарайшық” музей-қорығы қызметкерлері қатысып, баяндамалар оқыды. Музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ.Мұқтар Сарайшықтағы ғылыми зерттеу жұмыстары туралы баяндаса, ғылыми қызметкер, магистрант Жүніс Байғалиев “С.П.Толстовтың археологиялық зерттеулері” тақырыбында баяндама оқыды. Ж. Байғалиевтің баяндамасында С.П.Толстовтың ғылыми зерттеулері, Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы негізінде Сарайшықта жүргізілген зерттеулерге ерекше тоқталып, ғалымның еңбектеріне сараптама жасалды.




