Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
2020 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», ҚР Ұлттық архивімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласында Алтын Орданың 750, Қасым ханның туғанына 575, Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел өткізеді. Осы шара аясында 28-29 ақпанда «Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ Елінің астанасы» атты көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Дөңгелек үстел және көрме өтетін мекен-жай: Нұр-Сұлтан қаласы, Нұржол бульвары, 12. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің конференц-залы. Сағат: 10-00.




