Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 2024 жылы 23 қазанда сағ. 15:00-де “Ұлытау” ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен өтетін “Жошы Ұлысы (Алтын Орда) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы” атты көрменің салтанатты ашылу рәсімін тамашалауға шақырамыз. Көрмемізге келіп, Алтын Орда кезеңінің терең тарихымен және бай мәдениетімен жақын танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!




