Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Жолдау мәтінімен танысып, жаңа саяси жаңғырулар мен ел әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер күтілуде деп санайды. Президенттің «мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беріп, ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылуды» ұсынуы бюджет саясатына игі ықпалы болады деп санаймыз. Мемлекеттік сатып алуда сапаға басты назар аудару да өзекті мәселе. Кадрлық резервті нығайту орынды көтеріліп отыр. Президент бізді Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды. Біздің мақсат – бүкіл ел болып жұмылып, жолдауда көтерілген игі бастамаларды іске асыру.