Қос музей инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы онлайн экскурсия ұйымдастырды
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Әзірбайжан Республикасы Әзірбайжан Ұлттық Кілем музейімен 2021 жылдың 3 наурызда жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт бойынша өзара қарым-қатынасын онлайн-саяхат өткізуден бастады. Бүгін, яғни 20 мамыр күні екі музей инстаграмм парақшасында тікелей эфирде көрме ұйымдастырып, пікір алмасты. Әзірбайжан Ұлттық Кілем музейі тарапынан жәдігерлермен таныстырушы Гусейнова Парвин, техникалық қолдауды Мамедова Фарида жүзеге асырды. Өз тарапымыздан ғылыми қызметкер Нұғманова Назгүл, бас қор сақтаушы Сағынбаева Орын жүргізді. Алған әсерлермен бөлісіп, келесі эфир Сарайшық археологиялық қазба орнынан жүргізетін болып келісілді. Кілем музейі жаңа технологиялар залымен таныстыратын болды.
Тікелей эфирді төмендегі сілтеме арқылы тамашалауға болады: https://www.instagram.com/tv/CPFlynvDDWp/…




