Қор сатып алу (іріктеу) комиссиясының кезекті отырысы өтті.
🔰«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Қор сатып алу (іріктеу) комиссиясының кезекті отырысы өтті.
🔸Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы хаттамасына (29.12.2025, №1) сәйкес маңызды мәселе қаралды. Мамандар 2024 жылғы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлерге толық ғылыми-сараптамалық талдау жасады. Сараптама нәтижесінде бұл бірегей артефактілерді музейдің негізгі және қосымша қорына қабылдау туралы ресми шешім қабылданды.




