Қоғам қайраткері Сарайшықта

2022 жылғы 26 мамырда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына арнайы сапармен көрнекті жазушы, ғалым Әнес Сарайдың жұбайы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова келіп, ортағасырлық қала тарихымен танысты. Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар “Сарайшық” сапар орталығы, “Хан моласы” қазбасы және музей-қорықтағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен нәтижелері, алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндады. Алтыншаш Қайыржанқызы Сарайшық туралы жылы лебізін білдіріп, киелі жерде жасалып жатқан жұмыстарға табыстар тіледі.




