Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020-2022 жылдарға жариялаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға жариялалаған конкурсқа 2 жоба дайындалды. Жобалар 2020 жылы 3 маусымда ncste.kz сайтына қабылданды.
- «Ортағасырлық Сарайшық (ХІІІ-ХҮІ ғғ.)» энциклопедиясы
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор
- «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері(1932-1950 жж.): «тарих, естелік, тағылым»
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Ахметова Улжан Төлегенқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2020 жылдың қараша айында Қазақстан Респубилкасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Респубилкасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған қонкурсқа төмендегі жобаларды ұсынды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына 1 жоба ұсынылды.
- Еділ-Жайық аралығындағы Алтын Орда астаналары: тарихи сабақтастық және әлемдік маңызы (Сарайшық, Сарай-Бату, Сарай Берке)
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2021-2023 жылдарға жариялаған Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа 4 жоба дайындалып, ұсынылды.
- «Алтынордалық Сарайшық қаласының цитаделі және «Хан моласы»: жаңаша көзқарас»
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор
- «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)»
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Ахметова Улжан Толегенқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор
- «Ортағасырлық Сарайшық (ХІІІ-ХҮІ ғғ.)» энциклопедиясы
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Абдешев Баязи Мадешович, филология ғылымдарының кандидаты
- «Батыс Қазақстанда тарихи-мәдени туризмді кластерлік дамытудың келешектік бағыттарын әзірлеу»
- Жобаның ғылыми жетекшісі: Жүсіпов Эдуард, 6D060900 география мамандығы бойынша философия докторы (PhD)