«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғалымдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған BR22082480 «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасының календарлық жоспарына сай Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым академиясы Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Зерттеу барысында институттың физикалық антропология бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Алтын Орда маманы Эмма Давидовна Зиливинскаямен кездесіп, пікір алмасылды. Ғалымдар соңғы жарық көрген еңбектермен алмасты.