ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасының күнтізбелік жоспарына сәйкес ғылыми жетекші, т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова және аға ғылыми қызметкер, магистр А.Ж. Жумабаев қазіргі таңда Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Ұлттық археология орталығының ғылыми кітапханасында және Яхъя Гулямов атындағы кітапханада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Орталықтың ғылыми істер бойынша директор орынбасары т.ғ.д., профессор Ғайбулла Бабояровпен зерттеу жұмыстары талқылап, музей-қорықтың 2021-2023 жылдары орындаған «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы аясында жарық көрген еңбектерді сыйға тартты.