Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Ортағасырлық Сарайшық қаласының: өткені мен бүгіні» атты облыстық жастар онлайн семинары өтті

2021 жылғы 28 шілдеде «Ортағасырлық Сарайшық қаласының: өткені мен бүгіні» атты облыстық  жастар онлайн семинары өтті. Өткен іс-шараға Атырау қалалық және Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ұстаздар және музей-қорық мамандары қатысты. Баяндамашылар ғылым-білім және технологиялар дамыған заманда жастардың тың идеяларын ұтымды пайдалану арқылы тарихи ескерткіштердің қорғалуын қамтамасыз ету; әлеуметтік ортадағы жастардың ерекше орнына негізделе отырып, ортағасырлық Сарайшық қаласында туризм саласының дамуына негіз жасау және жаңа маршруттар дайындауға қатысты құнды ойларын ортаға салды. Семинар соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97