2019 жылы 9 қазанда Қытай елінен келген қандасымыз тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшіммен кездесу Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды. Профессор Д.Әбділәшім қазақ хандары тарапынан Цин империясына жазылған хаттарды зерттеумен, сол кездегі қазақ қоғамындағы жағдайды саралаумен айналысады. Қазақ тарихы мен мәдениетін көне жазба дереккөздерден зерттеуші ғалымның жас тарихшылармен кездесуі екі тарапқа да пайдалы болды.