2019 жылы 12 шілдеде "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық қазба жүргізіп жатқан Астрахандық археолог В.Плахов, топограф П.Бирюковпен арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Астрахандық ғалымдар музейде орналасқан жәдігерлерге ғылыми сипаттама берді. Атап айтсақ, көрмеде тұрған құмыраның ортағасырлық кезеңдегі Хорезм елінен алып келінгендегін айтса, штамп өрнекті қыш құмғандарды Сарайшықтың өзінде саз құмдарынан жасалғандығы жөнінде ғылыми тұрғыда нақтылап берді.