Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында 2019 жылдың 12 сәуірінде өткен «Туған өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Атырау өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, бүгінгі ұрпақтың санасында көне мұраларға құрмет сезімін қалыптастыру, азаматтардың бойында отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және білім беру ошақтарында өлкетану жұмысын ұйымдастыру мақсатында төмендегідей қарар қабылдайды:
- Орта білім беру ошақтарындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік «Өлкетану» конференциясын жыл сайын Сарайшық музей қорығында ұйымдастыру;
- Атырау облыстық Білім басқармасымен бірлесе отырып ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи орнында жас археологтар клубын ұйымдастыру;
- Облыс аумағынан тарихи жәдігерлерді Сарайшық мұражайына тапсыру шарасын қолға алу;
- Облыс аумағында табылған тарихи жәдігерлер туралы ақпаратты «Сарайшық» музей-қорығының мамандарына хабарлау;
- Аудандық білім бөлімдері өлкетану бойынша семинар-кеңес, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру;
- Ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихын Өлкетану оқулығындағы ақпаратты көбейту және қала тарихына қатысты ашық сабақты Сарайшық музей-қорығында ұйымдастыру.