2026 жылғы 14–16 қазан аралығында Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Заманауи музей жобасы: өзекті нысандар мен әдістер» атты облыстық семинар-тренинг өтуде. Аталған шараға «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия жетекшісі Мысабаева Толқын қатысуда. Семинар аясында музей жұмысын жетілдіру, заманауи жобаларды жүзеге асыру және музей ісіндегі өзекті әдістерді талқылау көзделген.










