Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшықтан алынған көне ДНҚ үлгілерін зерттеу бойынша ғылыми кеңес өтті

23 шілдеде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Сарайшық қалашығынан алынған адам сүйектерінің көне ДНҚ үлгілерін зерттеу мәселелері бойынша онлайн ғылыми кеңес өтті. Кездесу Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Кездесуге қазақстандық генетик ғалым, Техас университетінің (АҚШ) доценті Айнаш Еркенқызы Шілдебаева және осы университеттің докторанты Мадина Сейдуәлі, сондай-ақ музей-қорықтың археологтары қатысты.
Онлайн кездесу барысында ғалымдар Сарайшықтан зерттеуге алынған үлгілер бойынша жүргізілген көне ДНҚ талдауларының алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Өз кезегінде археологтар қазба жұмыстары кезінде табылған адам қаңқаларының археологиялық контексті, жерлену ерекшеліктері және оларға қатысты бірқатар маңызды деректер жөнінде ақпарат беріп, зерттеушілердің сұрақтарына жауап берді.
Ғылыми талқылау барысында генетикалық зерттеу нәтижелерін археологиялық материалдармен өзара сабақтастыра қарастырудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай кешенді зерттеулер ортағасырлық Сарайшық тұрғындарының генетикалық тарихын, шығу тегін және түрлі популяциялар арасындағы байланыстарын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.
Кездесуде алдағы уақытта зерттеу нәтижелерін археологиялық деректермен салыстырып, Сарайшық тұрғындарының көне генетикалық тарихына арналған көлемді ғылыми мақала әзірлеу мәселесі де сөз болды.
Музей-қорық үшін мұндай ғылыми ынтымақтастық Сарайшықтың археологиялық мұрасын заманауи зерттеу әдістері арқылы зерделеп, халықаралық ғылыми кеңістікке шығаруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97