Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Сарайшық оқулары – 2026» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Сарайшық оқулары – 2026» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
⯑ Конференцияда алғы сөзді музей-қорық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы сөйледі.
⯑ Алқалық мәжілісте келесі баяндамалар тыңдалды:
▪️ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы – «Каспий өңірі тарихының зерттелуі»
▪️ ҚР Білім беру ісінің үздігі, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Шамғонов Амангелді Шамғонұлы – «Сарайшық бекінісі және тарихи маңызы»
▪️ ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, профессор, «Сарайшық» музей - қорығының суретші-реставраторы Кендір Отарбай Қанатұлы – «Музей жәдігерлерін қайта қалпына келтіру тәжірибесі»
▪️ А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Исмаилов Серікжан Сағындықұлы – «Қостанай өңіріндегі тарихи ғылымның дамуы» (онлайн)
▪️ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Зооархеологиялық зертхана меңгерушісі Шагирбаев Мамбет – «Археозоологиялық зерттеу нәтижелері» (онлайн)
▪️ «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей – қорығы, «Тарихи – мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және есепке алу» бөлімінің археологы Өсеров Талғат Ортайұлы – «Сауран қаласындағы археологиялық қазбалар» (онлайн).
⯑ Конференция жұмысы екі негізгі секция бойынша жалғасты:
⯑ 1-секция: «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, Жошы Ұлысы тарихы, этнография және білім беру мәселелері».
Секция төрағасы: т.ғ.д., профессор Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы. Баяндамашылар: «Сарайшық» музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Аққали Қабижанұлы, Аққала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ескалиева Гульнафис Маратовна, Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп, тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Жұмабаев Райыс Жұмабайұлы және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Шалкеева Жұлдыз Мұханқызы (онлайн), Ибадильдаева Мадина Мананбайқызы (онлайн), Орынбасар Ақерке Ерғабылқызы (онлайн), Қамбар Гүлмарал Үшкемпірқызы (онлайн).
⯑ 2-секция: «Музей ісін дамыту, мәдени туризм, цифрлы технологияларды қолдану»
Секция төрағасы: т.ғ.д., профессор Ахметова Улжан Төлегенқызы. Баяндамашылар: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1 курс докторанты Куандыков Даурен Туребекович, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектетің тарих пәні мұғалімі Қорғанбаева Жарқын Махашевна, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Құлан тірек мектеп – гимназиясы (р/о) Шынтасова Саяжан Төребекқызы (онлайн), «Жайық» BINOM SCHOOL мектеп-лицей тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Баймағамбетов Ерлан Русланұлы, Жаркент көпсалалы колледжінің тарих және география пәндерінің оқытушысы, магистр Кабылбекова Лаззат Шарыпхановна (онлайн) және «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкері Каримова Карина.
⯑ Конференцияға еліміздің түрлі өңірлерінен ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен музей қызметкерлері қатысты.
⯑ Іс-шара барысында пікірталастар ұйымдастырылып, ғылыми ұсыныстар қабылданды.
⯑ «Сарайшық оқулары» – отандық тарих ғылымын дамытуға, тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттауға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97