«Сарайшық» музей-қорығының экскурсия жетекшісі Ә. Шеркешбаева Әзербайжан Республикасында «Көне Шәмкір қаласы» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен «Ортағасырлық мұсылман қалаларының зергерлік мұрасы және оны зерттеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарына қатысты. Іс-шара барысында ол «Сарайшық әшекейлері мәдени артефакт ретінде: символикасы мен шеберлігі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, Сарайшық мұрасының өзіндік ерекшеліктерін халықаралық ғылыми ортаға таныстырды.










