Бүгін “Сарайшық” сапар орталығында музей-қорықтың ұйымдастыруымен “Сарайшық керамикасы” атты халықаралық ғылыми семинар өтті.
Семинарда Анкара университетінің ғалымы, PhD доктор ортағасырлық керамика маманы Мухаррем Чекен, Ресей Федерациясының археологы Вячеслав Плахов және музей-қорықтың ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев өзекті баяндамалар жасады.
Қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, ой-пікір алмасып, археологиялық зерттеулердегі тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы уақытта халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға өзара келісімге келді.
