«Сарайшық» музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен “Сарайшық керамикасы” халықаралық семинары аясында Анкара университетінің ғалымы, PhD доктор, ортағасырлық керамика маманы Мухаррем Чекен “Түркиядағы ортағасырлық археология және Кубадабад сарайындағы қазба жұмыстары” және “Анадолыдағы ортағасырлық түрік-ислам керамика өнері” тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.