2024 жылдың 30 қазан күні “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Өлке тарихының жанашырлары» тақырыбымен өлкетанушылар М.Намазғалиев, Қ.Жұмалиев, М.Бердімұратов және Ж.Ғизатовқа арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Ж.Ғизатов, марқұм М.Намазғалиевтің қызы Алмаш пен немересі Айкөркем, марқұм Қ.Жұмалиевтің зайыбы Сәбилә апай мен қызы Лариса, әріптестері, ауыл тұрғындары, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Алғысөзді музей-қорық директоры, т.ғ.д. Ә.Мұқтар сөйледі. Әр өлкетанушының өмір жолы мен атқарған жұмыстарын музей мамандары таныстырды. Өз кезектерінде жанұя мүшелері және қонақтар естеліктермен бөлісіп, ой-пікірлерін айтты. Шараға қатынасқан көпшілік өлкетанушылар М.Намазғалиев пен Қ.Жұмалиевтің атына Сарайшық ауылынан көше беру туралы ұсыныс білдірді. Қ.Жұмалиевтің қызы Лариса музей-қорыққа әкесінің домбырасы мен кітаптарын, фотосуреттерін сыйға тартты.