2019 жыл 21 шілдеде «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері және астрахандық археолог Плахов Вячеслав Васильевич, топограф Бирюков Павел Витальевичпен бірлесе, Махамбет ауданы аумағында ерте орыс деректерінде белгіленген тарихи нысандардың орнын анықтау мақсатында, археологиялық барлау экспедициясына шықты. Таңдай және Аққайың елді мекендері маңы мен Қарабай көлінің орны зерттеуден өтті. Көне карталарды заманауи спутниктік түсірілімдермен салыстырып, жер бедерінің өзгерісін бағдарлап, көне қоныстар орындары тексерістен өткізілді.