ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасы бойынша ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №3 қазбада археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасты. Жобаның жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ұ.Т. Ахметова. Қазба жұмысын жүргізіп жатқан археологтар А. Тұрарұлы, А. Жұмабаев. Жұмысты жүзеге асыруға Сарайшық ауылының тартылған.