Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

2021 жылы «Хан моласындағы» қазба жұмыстары

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы археологтары 2021 жылы сәуір айынан бастап «Хан моласы» археологиялық қазба орнында қазба жұмыстарын бастады. Жұмыстар музей-қорықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен келісілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Зерттеудің мақсаты: дереккөздерде сипатталған ортағасырлық кесенелер орнын анықтау. Археологиялық қазба жұмыстарын бастамас бұрын «Хан моласы» зерттеу нысаны айналасындағы 2020 жылы белгіленген жерленімдерді басқа орынға көшіру жұмыстары жүргізілді. Бұрынғы қазбалардың нәтижесіне қарасақ, археологтар қазба стратиграфиясын және табылған тиындарды есепке ала отырып осындай көрханаларды ноғай-қазақ кезеңіндегі жерленім үлгісі деген қорытынды жасаған болатын.

Сонымен «Хан моласы» қазбасында табылған 2 көрханада төмендегідей ерекшеліктер бар екенін хабарлаймыз. 

1) екі көрхананың да ауыз қуысы оңтүстік-батысқа қараған және көрханалардың ұзын дәлізі бар. Дәліз көрхана құрылысынан бөлек салынған.

2) екі көрхананың да ішкі қабырғасы ақ алебастрмен сыланған. Кірпіштерді бекіткен ерітінді де алебастрдан дайындалған.  

3) екі көрханада да адам сүйектерінің көптеп табылуы және оларда анатомиялық тәртіптің бұзылғаны. Бұл сондай-ақ көрханалардың тоналғанын, кірпіштерінің арнайы бұзылып алынғанын көрсетеді.

4) екі көрханада айтарлықтай тереңнен, 1,20 м тереңдіктен анықталды. Көрхананың табаны жер бетінен 2,20 м төмен.  

5) көрханалар ішінен түймелік бекітпе (заклепка) тәріздес мыс бұйымдар табылды. Сонымен қатар темір белдік тоғасы, қалпақты шегелер, т.б. темір бұйымдар қалдықтары, ағаш, мата қалдығы табылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru