Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшықта халықаралық археологиялық тәжірибе

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023–2025 жылдарға арналған “Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ–XV ғғ.)” ғылыми бағдарламасы аясында қазба жұмыстарын жүргізуде. Бағдарлама жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова.
Ортағасырлық Сарайшық қалашығындағы археологиялық зерттеулерге Анкара университетінің магистранттары мен студенттері қатысып, тәжірибелік сараманнан өтуде.
Қазба барысында музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Көпжасар Меңдігереев Атырау өңірінің тарихы туралы мазмұнды дәріс оқыды. Сонымен қатар археологтар Айбек Тұрарұлы, Амангелді Жұмабаев, Жүніс Байғалиевпен пікір алмасып, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru