«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (XIII-XV ғғ.)» бағдарламасы аясында аумағы 1600 шаршы метрді құрайтын орында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Қазба жұмыстары барысында оңтүстік-батыс бұрышынан көрхана табылды. Сүйектерді антрополог Айкүміс Раисова зерттеп, өлшемдерін алып, морфологиялық белгілілерін талдады.