2023 жылғы 31 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК ғалым хатшысы, магистр А. Жұмабаев 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Исатай аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге қатысып, "ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва-Астрахань лагерлері тарихы" туралы баяндама жасады. Исатай ауданы орталық кітапханасында өткен шараға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ұрпақтары мен аудандық ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты. Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалды.