17 сәуірде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде облыстық тарихи-мәдени мұраны Зерттеу орталығының ұйымдастыруымен "Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау" күніне арналған "Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу және сақтау мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мәдениет мекемелерінің басшылары, қала, аудан мәдениет бөлімдерінің басшылары және тарихшылар мен өлкетанушылар қатысты.
Дөңгелек үстелде "Сарайшық" музей-қорығының бас инспекторы А.Тұрарұлы музей-қорықтың ғылыми жұмыстары және ескерткішті сақтаудағы өзекті мәселелер жөнінде сөз сөйледі.
