15-16 маусым күндері «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкері Ж.Диярова музей-қорықтың веб-сайтын модернизациялау және имиджік өнімдерді дайындау мақсатында тәжірибе алмасу үшін Орал қаласындағы танымал IT компаниялардың бірі «TORUS» ЖШС іссапарға барды. Бұл байланыстар ғаламтор қолданушыларына және музей-қорық келушілеріне Сарайшықтың бай тарихи және мәдени мұраларын сапалы көрсетуге негіз болмақ.