«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған бірқатар зиялы қауым өкілдері келді. Қонақтар қатарында белгілі режиссер, профессор Асхат Маемиров, ақын, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Сұраған Рахметұлы және Германиядағы «Қазақ» қауымдастығының төрағасы Сүлеймен Шадкам болды.
Сапар барысында қонақтар музей-қорықтың қызметімен танысып, көне Сарайшық қаласының бай тарихы мен мәдени мұрасы, археологиялық зерттеулердің нәтижелері және тарихи ескерткіштерді сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет алды.
Кездесу барысында ортақ тарихи-мәдени мұраны дәріптеу, түркі халықтарының рухани байланыстарын нығайту және мәдени ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы жылы бірлескен симпозиум немесе ғылыми іс-шара өткізу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасып, өзара ынтымақтастықты дамыту бағыттары қарастырылды.










