«Сарайшық – дала өркениетінің мұрасы» интерактивті көрмесі өз көрерменін күтеді!
Бұл — тек тарихи жәдігерлерді тамашалау емес, дала мәдениетінің тынысын сезініп, тарихпен тікелей байланысқа түсудің ерекше мүмкіндігі.
Экспозицияның 4 негізгі бағыты:
«Ауылдың алты ауызы» — дәстүрлі әуен мен ұлттық өнердің асыл қазынасы.
«Шеберлер мектебі» — киіз үй төріндегі тірі тарих пен қолөнер сырлары.
«Самаурын-батл» — қайнаған самаурын, дәмді шай және қызықты сайыс.
«Ортақ бата және естелік фото» — ақ бата алып, ерекше сәттерді естелікке қалдыру мүмкіндігі.
Күні: 19 тамыз 2026 жыл
Басталуы: 10:00
Өтетін орны: «Сарайшық» этнографиялық музейі
Тарихты тамашалап қана қоймай, оны сезінуге келіңіздер!










