03 Тамыз 2026 Қор жәдігерлерінің фототүсірілімі жаңартылуда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында қор жәдігерлерінің заманауи талаптарға сай фототүсірілімін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ортағасырлық Сарайшық қалашығының виртуалды туры әзірленіп, музей қорындағы бірегей жәдігерлер 3D форматта цифрландырылуда. Бұл жұмыстар: тарихи-мәдени мұраны сақтауға; цифрлық қорды дамытуға; мәдени құндылықтарды көпшілікке қолжетімді етуге бағытталған.