Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшық тұрғыны Амиров Габиржанның естелігінен

1965 жылы Түркістан индустриалды-педагогикалық техникумының студенті кезімде ауыл-шаруашылық жұмыстарын көмектесу мақсатында мақта теріміне қатыстық. Жастардың ынтымағы мен еңбегінің арқасында оқу орнымыз республикадағы 132 техникумның ішінде бірінші орынға шықты. Сол кездегі ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласқанымды бағалап, мені Түркістан аудандық партия комитетінің штаттан тыс хатшысы етіп тағайындады. Келесі, 1966 жылы аудандық партия комитеті маған және тағы тоғыз жігітке аса жауапты тапсырма жүктеді. Ол – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары басталғанға дейін құрылыс тіреуіштерін орнату еді. Көп ұзамай Ленинград қаласынан арнайы реставратор мамандар келуі керек болатын. Біз оларды күтпей-ақ, темірден жасалған құрылыс тіреуіштерін арқандардың көмегімен күмбездің төбесіне шығарып, небәрі үш күннің ішінде толық құрып бітірдік. Ленинградтан келген реставраторлар жұмысымызды көріп, үлкен ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Сол сәтте біз өзіміздің жай ғана құрылыс жұмысын емес, халқымыздың қасиетті тарихи мұрасын сақтауға үлес қосып жатқанымызды сезінбеппіз.
Қазір өткен өмір жолыма көз жүгірте отырып бір кездері Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру ісіне аз да болса үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Тарихқа қызмет ету – әр азамат үшін үлкен абырой.
– Сарайшық ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Амиров Габиржан
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97