Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарайшық оқулары – 2026» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты: Ортағасырлық Сарайшық қаласының ғылыми мұрасын зерделеу, ғылыми қоғамдастық арасындағы байланыстарды нығайту.
Негізгі бағыттары:
1. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғаудағы өзекті мәселелер
2. Жошы Ұлысы тарихы туралы зерттеулер, халықтардың этнографиясы, Жошы Ұлысын білім беру саласында оқыту
3. Қазақстандағы музей ісін дамыту, музейлердің туризм саласындағы орнын анықтау, туризмді дамыту бойынша ұсыныстар мен жобалар
4. Тарихты зерттеуде цифрлы технологияларды қолдану.
⯑ Өтетін уақыты: 15 сәуір 2026 жыл
⯑ 09:30
⯑ Өтетін орны: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы,
«Сарайшық» сапар орталығы
⯑ Онлайн қатысу: Zoom платформасы арқылы
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97