Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Халықаралық онлайн кездесу

Бүгін “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халықаралық байланыстар аясында шетелдік әріптестермен онлайн кездесу өткізді.
Кездесудің алғы сөзін музей-қорық басшылығы сөйлеп, қатысушыларды музей экспозициясы және қызметімен таныстырды.
⯑ Шараға Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен музей саласының мамандары қатысып, музейлерімен, атқарып отырған жұмыстарымен таныстырды.
⯑ Кездесу барысында сөз алған қатысушылар:
▪️ Әзербайжан Республикасы Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., доцент Фархад Джаббаров
▪️ Өзбекстан «Самарқанд» мемлекеттік музей-қорығының бас директоры Самибаев Масуд Кимович
▪️ Ресей, Башқұртстан «Уфа қаласының тарихы» музейінің директоры Ильясов Тимур Тағирұлы, жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары – Зиннатуллин Артём Айратұлы.
▪️ Қырғызстан, Ош қаласындағы «Сулайман-Тоо» тарихи-археологиялық музей кешенінің директоры Апарханов Медербек Есэнгельдыевич, ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары – Ибайдуллаев Хайрулло Хабиболлаұлы.
▪️ Әзербайжан «Ежелгі Шәмкір қаласы» қорығының ғылыми бөлім басшысы Тарана Гезалова
▪️ Әзербайжан Мәдениет министрлігіне қарасты «Авей» қорық-музейінің бөлім меңгерушісі, т.ф.ғ.д., доцент Парвиз Гасымов
▪️ «Кешикчидаг» мемлекеттік қорық-музейінің қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, Баку мемлекеттік университетінің доценті Юнис Насибли
▪️ «Чираггала-Шабран» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының экскурсия жетекшісі Айсел Алиева
▪️ Ресей, Тюмень облысындағы «Наследие» татар қоғамдық ұйымының кеңес төрағасы, «Искер» тарихи-мемориалдық кешенінің негізін қалаушы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шамсутдинова Луиза Алимчановна
⯑ Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта бірлескен жобалар мен ғылыми-мәдени ынтымақтастықты дамытуға келісті.
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru