Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшықтағы соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижелері

”Сарайшық” музей-қорығының ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев Абай облысындағы Алакөл демалыс аймағында өтіп жатырған “100 жылдық жол: Жас ұстаз - жаңа дәуірдің тірегі” атты дәстүрлі республикалық жазғы лагерінде “Сарайшықтағы соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижелері” тақырыбында баяндама жасады. Баяндама тыңдаушылары өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасылды. Лагерьдің жабылу салтанатында Амангелді Жеңісұлын Республикалық жазғы лагері жұмысында кәсіби тәжірибемен бөлісу арқылы жас мамандардың біліктілігін арттыруға қосқан зор үлесі мен адал еңбегі үшін кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Құрмет грамотасымен, сонымен қатар белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат және сертификатпен марапаттады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru