Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және Қырғызстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші, абыз ақсақал Ілия Жақанов “Сарайшық” музей-қорығына арнайы келіп, музейдің атқарып жатқан жұмыстарымен, алдағы даму перспективаларымен танысты. Зиялы қонақ музей қызметін жоғары бағалап, оның болашақ дамуына қатысты өз ойымен бөлісті.