Сарайшықта Түркияның Анкара университетімен өзара келісім-шартқа сәйкес түрік ғалымы, ортағасырлық археология зерттеушісі, PhD доктор Мухаррем Чекен өз зерттеулерін бастады. Ғалым Сарайшықтағы қазбаға қатысып, алтынордалық керамикалар бойынша ізденістер жүргізеді.