«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2025 жылғы жоспарға сай музейдің жұмысын насихаттап, өскелең ұрпақтың қызығушылығын тудыру мақсатында «Жас музейтанушы», «Жас археолог», «Қолөнершілер» үйірмелерінің жұмыстарымен таныстыру үшін музей-қорықтың бас қор сақтаушысы О. Сағынбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Ұлттық дизайн академиясының академигі, ҚР Көркем академиясының мүше-корреспонденті музей-қорықтың суретші-қайта қалпына келтіруші маманы О. Кендір мен магистр, археолог А. Жұмабаев Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің оқушыларына музей қызметі, археология және қолөнер туралы ақпарат берді. Үйірмелерге қызығушылық танытқан оқушылар музейге келіп, үйірмелерге қатысатын болды.