“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жылдық жоспарға сәйкес “Saraishyq QUIZ” интеллектулды ойынын ұйымдастырды. Шараға Сарайшық ауылының 6 мекеме қызметкерлері қатысып, өзара тартысты өткен сайыста Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі 1-ші орынды иеленді.