2024 жылы 30 желтоқсанда Ғылыми кеңестің қорытынды отырысы өтті. Отырыс басында музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар музей-қорық ұжымы атынан өлкетанушы, музей ардагері Ғизатов Жанұзақ ағаны мерейлі 85 жасымен құттықтады.
Ғылыми кеңестің күн тәртібі бойынша музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар «2024 жылғы атқарылған жұмыстар қорытындылары», бас қор сақтаушы О. Сағынбаева «Сарайшық» сапар орталығындағы музейлендіруді жетілдіру және қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету барысы», заңгер Э. Урынбасарова «ҚР Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуы және нәтижелері», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және терроризмге қарсы күрес шаралары», бас есепші А.Қайреденова музей-қорықтың «2024 жылғы қаржылық жағдайы», музей-қорық директоры орынбасары Ж. Диярова «Мекеменің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары», ғалым хатшы А. Жұмабаев «Ғылыми кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары» жөнінде баяндама жасап, талқыға салды. Отырыста Ғылыми кеңес мүшелері мен қатысушылар мәселелерді жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарымен де бөлісті. Мекеме жұмыстары бойынша оң баға берілді.