Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнынан №1 қазбада ашылған өндіріс орны мен тұрғын үй пешін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуда. Нысандарды қатал климат әсерлерінен қорғау мақсатында гидроизоляциялык материалдарды қолдана отырып , қоршаулар жасалып, үстіне жабынды жасау жоспарлануда. Жабынды қазбаға барынша күн саулесімен жарықтық беру, сонымен қатар эстетикалық және визуалды қалпын сақтап қалу мақсатында шыны тектес(броньдалган) материалмен жабылатын болады. Аталмыш жұмыстарды “Қазқайтажаңарту” мекемесі жүргізеді.